деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мектептердегі ақша жинау мәселесі әлі де болса орын алып отыр. Бұған мұқият қарау қажет. Оған жол бермеу үшін қоғамдық бақылауды және қамқорлық кеңесін ұйымдастыру керек», деді алқада Үкімет басшысы.
Осы орайда Премьер-Министр өзінің жеке блогына аталмыш мәселелерге қатысты көптеген шағымдар түсіп жатқанын, оны білім министріне бергенін атап көрсетті. «Біз мектептерде сапалы білім беруіміз керек. Сонымен бір мезгілде ондағы тұрмыстық жемқорлықты жоюымыз керек», деді ол.