Үкімет басшысының айтуынша, бас инспекторлар білім беру нысандарын тексергеннен кейін, олардың нақты жағдайы туралы өзіне егжей-тегжейлі баяндама әзірлейді. «Содан кейін қандайда бір шешім, бұрындары келіскеніміздей, кінәлі кадрларды жұмыстан босату туралы шешім қабылдайтын боламыз», деді К. Мәсімов.
Премьер-Министрдің айтуынша, қыркүйектің басында білім беру маусымы басталғанда мектептердің оқу жылына дайын болуы түптеп келгенде, орталық және жергілікті жерлердегі биліктің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы орайда, Үкімет басшысы облыс, аудан және қала әкімдеріне дайын емес мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын аяғына дейін жеткізуді тапсырды.