15:42, 06 Сәуір 2009
Премьер-Министр шағын және орта бизнесті қаржыландыруға арналған инвестицияны «Ресей жинақ банкінен» қайтарып алуды тапсырды
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр шағын және орта бизнесті қаржыландыруға арналған инвестицияны «Ресей жинақ банкінен» қайтарып алуды тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кеңес барысында Астана және Алматы қалаларының әкімдері мәлім еткендей, бүгінде «Ресей жинақ банкі» шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін бөлінген қаражатты игере алмай жатыр. Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов аталмыш банкке бөлінген қаражатты қайтарып алуды тапсырды. «Мен «Ресей жинақ банкіне» бөлінген қаражатты қайтарып алып, «ТұранӘлем» банкіне салуды тапсырамын», - деді К. Мәсімов. Үкімет басшысы бұл тапсырманы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Қайрат Келімбетовке жүктеді.