деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз желтоқсан айының ортасына қарай арнайы отырысты биылғы жылдың «Жол картасын» жүзеге асыру кезіндегі заңбұзушылықтарға қатысты өткіземіз. Осыған байланысты Қаржы министрлігіне бөлек тапсырма беріледі», деді К.Мәсімов. Үкімет басшысы бұл бағыттағы тәжірибені құқық қорғау органдарымен бірлесе арнайы дайындау керектігін жеткізді. «Осы мәселе бойынша анықталған заңбұзушылықтар тұрғысында әр облыстарға шолу жасаймыз», деді ол. К.Мәсімов бұл шаралардың барлығын 2010 жылдың «Жол картасына» дайындалу кезінде ескеру керектігін атап өтті.