АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Қаңтардың 16-сында елордада Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен ҚР Әділет министрлігі алқасының кеңейтілген мәжілісі өтеді.
Бұл ақпаратты аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратып отыр.
Алқалы жиында аталған ведомствоның 2009 жылғы қорытындылары мен 2010 жылға арналған жоспарлары талқыланып, Әділет министрі Рашид Түсіпбеков «Әділет министрлігінің 2009 жылғы қызметі және алдағы 2010 жылдағы міндеттері туралы» атты тақырыпта баяндама жасамақ.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.