Премьер-Министрдің төрағалығымен экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

АНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның (ЭЖМК) кезекті отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңеске қатысушылар қайта өңдеу өнеркәсібінің іскерлік белсенділігін ынталандыру жөніндегі іс-шараларды талқылады.

 Атап айтқанда, өнім өңдеу өнеркәсібінің екінші деңгейлі банктер алдындағы міндеттемелерін қайта құрылымдау арқылы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау, сондай-ақ төмендетілген пайыздық үстеме арқылы несиелендіру мәселелері талқыланды.