«Өңірде елеулі өзгерістер болып жатқанын бәріміз көріп отырмыз. Екі жыл ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасымен 900 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. 8 мыңнан астам отбасының тұрғын үй мәселесі шешілді», - деп айтты Қ. Тоқаев кеңесте.
12:07, 14 Қараша 2019
Президент: Ақмолада «Нұрлы жер» арқылы 8 мыңнан астам отбасының баспана мәселесі шешілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Көкшетау қаласында Ақмола облысын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың Twitter парақшасына сілтеме жасап.