Мемлекет басшысы студенттік кампус аумағында орналасқан «Керемет» қызмет көрсету орталығын аралап көрді. Бұл орталық «бір терезе» қағидаты бойынша студенттер мен оқытушыларға 500-ден астам қызмет түрлерін ұсынады.
18:49, 29 Қазан 2019
Президент Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Жағдаяттық басқару орталығының жұмысымен, жоғары оқу орнының цифрлық технологияны енгізу жөніндегі жетістіктерімен, сондай-ақ, бизнес-құзыреттілікті дамыту кластерімен танысты деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.