Президент Алматыда өтетін Наурыз тойына қатысып, тікелей эфирде қазақстандықтарды құттықтайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы қаласының «Астана» алаңында өтетін мерекелік іс-шараға қатысып, барша Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Наурыз мейрамына арналған іс-шара республикалық телеарналардан сағат 10:45-те тікелей эфирде көрсетіледі.

Сонымен қатар Президент қаладағы ғылым, білім, спорт және сауда нысандарына барады.