АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен және БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.
Бұл туралы Ақодраның баспасөз қызметі хабарлады.
Шет мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Осыған дейін ҚР Президенті Владимир Путинмен не туралы сөйлескені туралы жаздық.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.