деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметінен.
Елбасының Жарлығымен сыртқы саясат ведомствосының басшысы болып Ержан Қазыханов тағайындалды.
Дипломаттарға жаңа министрді таныстырған Елбасы, министрлік ұжымын еліміздің сыртқы саяси жетістіктерімен, атап айтқанда, еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына былтырғы табысты төрағалығымен және ұйым саммитінің өткізілуімен құттықтады және министрліктің алдына қойылып отырған бірқатар басымдықтарға тоқталды.
- Ол өз ісінің маманы. 1989 жылдан бері СІМ органдарында қызмет етіп келеді. 10 жылдай уақыт Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істеген. Менің көмекшім болды, Венада елші болды. Ол араб тілінің маманы, ағылшын және араб тілдерін жақсы біледі. Біз былтыр еуропалық мәселелер бойынша біраз істер атқардық Қазір араб мәселелері бойынша жұмыс істеу керек. Қазақстанның ислам әлеміндегі беделін нығайтуға өз үлесін қосады деп ойлаймын.
Биыл алдымызда үлкен міндеттер тұр. Мамыр айының басында үлкен экономикалық форум өтеді, одан кейін Еуропалық қайта құру және даму банкінің форумы, Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің саммиті, Шанхай ынтымақтастығы ұйымының мерейтойы бар. Атқаратын міндеттер көп. ЕҚЫҰ Саммиті кезіндегі еңбектеріңіз үшін алғыс айтқым келеді, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы дипломаттарға арнаған сөзінде.
Елбасы, еліміздің сыртқы саяси ведомствосының алдында тұрған міндеттерді табысты атқаратындығына сенім білдірді.