Президент Ердоғанды сайлаудың бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады
19:51, 15 Мамыр 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркиядағы президент сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады.
Президент сондай-ақ, парламенттік сайлауда Әділет және даму партиясы бастаған республикалық альянстың жеткен жетістігін атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркия президенттері бауырлас екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.