«Талантты спортшы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да табысқа жете беруіңе тілектеспін!», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.
Бұдан бұрын Қазанда өтіп жатқан кәсіби бокс кешінде қазақстандық Фируза Шәріпова IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта Әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.11:41, 23 Тамыз 2020
Президент Фируза Шәріпованы әлем чемпионы атануымен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі жеңісімен құттықтады, деп хабаралайды ҚазАқпарат.