Президент ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын тағайындады
17:46, 05 Қараша 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Талғат Қойбақов ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды», - делінген Ақорда сайтында жарияланған ақпаратта.
Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Марат Рахымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.