Президент кубогы - 2019: «Барыс» турнир жеңімпазы болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы мәресіне жетті. Турнир чемпионы атағына «Барыс» командасы қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» бұдан бұрынғы үшкездесуде де қарсыластарынан басым түсті. Алдымен, Ресейдің «АкБарсынан» - 6:1,«Нефтехимигінен» -4:1,«Автомобилисттен» 3:2есебімен жеңді.

Бүгін елордалық клуб Ресейдің «Салават Юлаев»командасымен шеберлік байқасты. Уфа қаласынан келген команда «Барысқа»тегеурінді қарсылық көрсетті.

Бірінші кезеңнің 12-минутында «Барыс» хоккейшілеріалға шықты. Оны Никита Михайлис соқты. Оған 22-минутта уфалық хоккейші МаксимМайоров бір шайбамен жауап қайырды. Кездесудің негізгі кезеңі 1:1 есебімен теңаяқталды. Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда да есеп өзгерген жоқ. Буллитте«Барыс» басымдық танытты.

Бүгін турнир барысында тағы бір матч өткізілді. Ресейдің «Автомобилист»командасы «Ак Барсты»буллитте 4:3 есебімен жеңді.

Биылғы турнирде «Барыс» командасы чемпион атанды. Елордалық клуб бұдан бұрынтөрт (2010, 2011, 2013, 2015) мәрте жеңімпаз болды.

Екінші орын Екатеринбургтің «Автомобилист»командасына бұйырса, үздік үштікті «Ак Барс» командасы түйіндеді. Соңғы екіорынды «Салават Юлаев»және «Нефтехимик» командалары өзара бөлісті.

Айта кетелік, шайбалы хоккейден ҚазақстанРеспубликасы Президентінің кубогы биыл оныншы мәрте өткізілді.

Соңғы жаңалықтар