Атап айтқанда, өткен жылдың соңында «Синьхуа» ақпараттық агенттігі «Н. Назарбаев: Тұтыну идеологиясы ғаламдық дағдарыстың себебі болып табылады» деген мақаланы жариялады, онда Елбасының Бағдарламалық мақаласындағы сөздері келтірілген. Мысалы: «Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамыған елдерінде жаппай әлеуметтік масылдық туындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады».
Президент Н. Назарбаевтың Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын тұтыну идеологиясына сындарлы балама деп санайтындығы айтылған, өйткені, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегімен жасалады. Бүгінде еңбек - ХХІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайында, - алдыңғы кезекке ілгерілетілуі тиіс.