Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заң Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өнеркәсіп саласындағы жаңа кооперация орталығының құқықтық негізін айқындайды. Соның аясында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының мәртебесі, оның қызмет түрлері мен құзыреті белгіленді. Алдағы уақытта заң бауырлас екі елдің іскерлік байланыстарын арттыруға, сондай-ақ, сауда-экономикалық қатынастарын нығайтуға оң ықпалын тигізбек.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Арменияның Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянды қабылдағаны туралы жаздық.