Президент тапсырмасы: Ішкі істер министрі азаптау оқиғасы болған колонияның жұмысын тексерді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Алматы облысының Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/8 колониясы қызметінің ұйымдастырылуын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Ішкі істерминистрі Ерлан Тұрғымбаев «Адам құқығын қорғау хартиясы» қоғамдық қорыныңатқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова, Халықаралық түрме реформасы ОрталықАзиядағы өкілдігі директорының орынбасары Жанна Назарова, ұлттық превентивтікмеханизмнің мүшесі Игорь Мирошниченко және журналист Тоқнияз Кучуков, заңғылымдарының докторы, пенитенциарист Айдархан Сқақов, ІІМ Қоғамдық кеңесініңмүшесі Рүстем Хайдаровпен бірге сотталғандар ұсталатын отрядтар мен камералардыаралап, сотталғандарды ұстаудың тұрмыстық жағдайларымен танысты. Сондай-ақмедициналық-санитарлық көмек көрсету, тамақтандыруды ұйымдастыру және еңбекпенқамту мәселелерін қадағалады», делінген хабарламада.


Министрліктіңбаспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі күні колонияда 737 сотталушы бар.Еңбекке жарамды сотталғандардың саны 426 адам, 243 адам жұмысқа орналастырылқан.Мекемеде жұмыспен қамту деңгейі 57% құрайды.

Колония аумағындашағын және орта бизнестің 7 нысаны жұмыс істейді, онда 119 сотталған металлқұрылымдарын, кірпіш құюмен және тігін бұйымдарын әзірлеумен айналысады

Сапар барысындаколониядағы жалпы білім беретін мектепті және кәсіптік-техникалық колледждіаралап көрген министр білім беру үдерісін ұйымдастыру сапасына көңіл аударды.Қоғам өкілдері оқытылатын мамандықтар тізімімен және материалдық-техникалықжабдықталу жағдайымен танысты.

Алматы облысыныңқоғамдық бақылау комиссиясының өкілі И. Мирошниченко министрлік тарапынан басбостандығынан айыру орындарындағы жұмыспен қамту ұйымдары және азаматтыққоғаммен өзара диалогты нығайтудағы оң үрдістерді атап өтті.

«ІІМ оң үрдіске бетбұрды. Жұмыс нәтижелері жәй көздің өзіне анық байқалады, барлық ТЖ бойыншадереу шаралар қабылданады. Азаматтық қоғамның жұмысы үшін ешқандай кедергіжоқ», - деді Мирошниченко. Сондай-ақ, Игорь Мирошниченко түзеу мекемелерінжаңғырту бойынша бірқатар ұсыныстарын айтты.

Министр азаматтыққоғам өкілдерімен бірге сотталғандардың жеке мәселелері бойынша қабылдауөткізді. Қабылдау барысында негізінен ұстау режімі, қылмыстық істер, тұрғылықтыжері бойынша ауыстыру және құжаттандыру мәселелері бойынша 37 адам жүгінді.

«Сотталғандардықабылдағаннан кейін Ішкі істер министрі азаматтық қоғам өкілдерімен бірге келіптүскен ұсыныс-тілектердің барлығын талқылап, бас бостандығынан айыруорындарындағы сотталғандардың жағдайын жақсартуды оңтайландыру бойынша бірқатарзаң актілеріне өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстарды қарау туралы шешімқабылданды.

Бұдан соң ведомствобасшысы Алматы облысының ҚАЖД жеке құрамымен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңестеколония қызметкерлерінің жазаларды орындау саласындағы заңнамаларды жәнесотталғандардың құқықтарын мүлтіксіз сақтауына баса назар аударды, сондай-ақмекемеде орын алған төтенше жағдайды тексеру нәтижелерін қарады», делінгенхабарламада.

Еске салакетсек, ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Баспрокурорға жазасын өтеушілерді азаптау деректерін тергеуді тапсырған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтікжелілерде формадағы адамдардың тұтқынға жәбір көрсетуі туралы видеотараған еді. Бейнежазба қоғамнаразылығын тудырды. Ақыры, Алматы облысындағыЛА-155/8 мекемесінде сотталғандарды азаптаған қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Колониябасшылығы жұмыстан кетті.

Соңғы жаңалықтар