Бұл біздің бәріміз үшін үлгі аларлық ұлағатты іс»,-дейді Сенат депутаты Иделбай Иманқұлов. Бұл туралы ол бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында айтты.
«Мемлекет басшысының бұл қадамы нағыз демократияға бастайтын даңғыл жол. Президент еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығында заң үстемдік ететін құқықтық мемлекет қалыптастыра алғандығымызды дәлелдеді. Соған қарамастан қалың көпшілік тарапынан көтерілген референдум өткізу жөніндегі бастама біздің тарихымыздан ойып тұрып орын алды. Өйткені еліміздің түкпір-түкпіріндегі халықтар Мемлекет басшысының өз қызметін ел болашағы үшін әрі қарай жалғастыруы қажеттігін айтып, қолдауларын білдіріп жатты. Өз кезегінде Мемлекет басшысы өзінің Үндеуінде республика халқына қолдаулары үшін алғысын білдіріп, «Нұр Отан» партиясы мен демократиялық күштердің және қоғамдық коалиция өкілдерінің әрекеттерін жоғары бағалады. Ал Парламенттің Конституциға түзетулер енгізу жөніндегі бастамалары заң шығарушы органның қалың көпшіліктің талап-тілегін ескере отырып, қолға алған шарасы екендігін Мемлекет басшысы да атап көрсетті»,-деді депутат.
Оның сөзіне қарағанда, осы әрекеттердің барлығы Мемлекет басшысы негізін қалаған Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығын паш етті. «Қалың көпшілік Нұрсұлтан Назарбаевтан ұлттың нағыз көшбасшысын көріп отыр. Халық Президентке сенеді. Өйткені олар экономикадағы жетістіктер мен өмір сүру деңгейлерінің қаншалықты өскендігін, елдегі ұлтаралық, дінаралық бірлік пен келісімнің, заңның үстемдігі мен демократиялық ұстанымдардың дамуын өз көздерімен көріп, сезініп отыр»,-деді сенатор.