«Бұл ретте Үкімет ұлттық авиатасымалдаушы компанияны заманауи әуе лайнерлерімен толықтырып, азаматтық авиация істерінде бәскелестікті дамытуы қажет», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар Президент өз сөзінде «инвесторлар үшін күресте телекоммуникациялық жүйе алдыңғы қатарда болуы шарт» екендігін атап өтті.
«Бұл ретте осы салаға ең соңғы заманауи стандарттар енгізіліп, қызмет көрсетудің тарифтері, интернет жылдамдығы әлемдегі деңгей бойынша бәсекеге қабілетті әрі қолжетімді болуы қажет. Бұл міндеттерді Байланыс және ақпарат министрлігіне жүктеймін», - деді Н.Назарбаев.