Президент Үкіметке мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруды тапсырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тапсырманың ерекше басымдыққа ие екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік емесмектепке дейінші шағын ұйымдарда көп жағдайда тәрбиелік-білім беру процесі жоқдеуге болады. Тәрбиешілер мемлекеттік жалпыға ортақ стандарттарды сақтайбермейді. БАҚ арқылы біз балаларды сабау, олардың жайсыз жағдайда ұстау жайлыжағдайларды естіп жатамыз. Осы ретте мектепке дейінгі білім беру және тәрбиеберу сапасын арттыру бағытында Үкіметке бірқатар шараларды, әсіресе заңнамалықшараларды қабылдауды тапсырамын. Бұл – басымдыққа ие тапсырма деп біліңіздер»,- деді Президент.

Еске сала кетсек,елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңқатысуымен Тамыз конференциясы өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар