Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Вьетнамның орталық аймақтарында болған су тасқыны салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жазған.
Президент табиғи апаттан қайтыс болған адамдардың туыстарына сабыр, ал жарақат алған жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.
Вьетнамның орталық провинцияларында нөсер жаңбырлар мен су тасқыны салдарынан осы аптада 41 адам қаза тауып, тағы 9 адам із-түзсіз жоғалғанын жазған болатынбыз.