Президенттің дербес парақшасында Қазақстан туралы деректі фильмдер жарияланды
15:18, 23 Ақпан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президенттің дербес парақшасында Қазақстан туралы деректі фильмдер жарияланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі Фейсбуктегі ресми парақшасында.
«Фильмдерде тәуелсіз Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері, Мемлекет басшысының ішкі- және сыртқы саяси қызметі жайлы егжей-тегжейлі айтылады. Көптеген картиналар Қазақстан Президентінің өмірі мен оның күнделікті жұмысын баяндайды. Онда Нұрсұлтан Назарбаев өз ойларымен, идеяларымен, бастамаларымен және естеліктерімен бөліседі», делінген жазбада.
Фильмдер және картиналармен мына сілтемеде танысуға болады.