Прокуратура тұрғындардың еңбек құқықтарын қорғауда - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 22 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында қадағалау органдарының азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудағы белсенділігі артып келеді,

деп хабарлады облыстық прокуратура.

Тек өткен апта ішінде Павлодар қаласының прокуратурасы «Павлодартұз» ЖШС тарапынан 120 жұмысшының еңбегін бағалауға қатысты 10,2 млн. теңгеге қарызы барлығын анықтады. Кәсіпорын басшысының атына ескерту хаттама толтырылды, ол орындалуда.

Қашыр ауданының прокуратурасы «Тереңкөл су» МКК тарапынан 80 жұмысшысына 2,6 млн. теңгеге қарыз екендігін анықтады. Аудан прокурорының талабы бойынша жалақы төленді, директор әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК-ке айыппұл салынды.