ОРАЛ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазталов аудандық прокуратурасы аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға әлеуметтік жұмыс орындарына алынған 119 жұмысшыға тамыз,
қыркүйек айлары үшін 3 млн. астам теңге жалақының төленбегендігін анықтады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы 1 тамызда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аталмыш кәсіпорын арасында әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға келісім-шарт жасалып, соған сәйкес 119 адам орналастырылған. Алайда келісім-шарт орындалмай, 3060170 теңге еңбекақы төленбеген. Тек аудан прокуратурасының араласуымен бережақ толықтай өтелді
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).