Прокуратураның араласуымен 6 миллионнан астам теңге өндірілді - БҚО

ОРАЛ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Теректі ауданы прокуратурасы тексеру барысында бірқатар сот актілерінің ұзақ уақыт бойы орындалмай жатқанын анықтады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, атап айтқанда, БҚО сот актілерін орындау жөніндегі департаменті аумақтық бөлімінің сот орындаушысы «Аманжол» шаруа қожалығынан «ВалютТранзитБанк» АҚ пайдасына 2095552 теңге, «Батыс Күнбағыс» АҚ-дан «ЮНА» ЖШС-ға 4571204 теңге, Н.Нығметовтен С.Милюкованың пайдасына 400 мың теңгені өндіру жөнінде тиісті шараларды алмаған.

Тексеру қорытындысына сәйкес БҚО сот актілерін орындау жөніндегі департаменті атына ұйғарым беріліп, соның нәтижесінде 6138991 теңге, соның ішінде атқарушылық санкцияның 10 пайызы есебінде мемлекет пайдасына 40 мың теңге өндірілді.