ОРАЛ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы «Газ-С» ЖШС қызметкерлерінің еңбек заңдылығы талаптарының бұзылғандығы жөнінде ұжымдық арызын қарады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, тексеру кезінде аталмыш серіктестіктің 55 қызметкерге биылғы наурыз-сәуір айлары үшін 3 млн. теңге көлемінде жалақыға қарыз болып қалғандығы анықталды. Осыған байланысты облыс прокуратурасы «Газ-С» ЖШС атына заңбұзушылықты жою туралы ұйғарым беріп, соның нәтижесінде берешек толықтай өтелді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).