Прокуратураның араласуымен тұтқындалған мүлікті заңсыз сатудың күші жойылды - БҚО

ОРАЛ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО прокуратурасының талапарызына сәйкес №2 қалалық сот шешімімен тұтқындалған жылжымайтын мүлікті голландық әдіспен өткізу жөніндегі аукцион заңсыз деп танылып, «Би-Логистикс» АҚ филиалы, БҚО сот әкімшісі және С.Резниченко деген азаматтың арасында жасалған келісімшарттың күші жойылды.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш аукционның заңсыз деп танылуының мәнісі мынада. БҚО бұрынғы сот әкімшісі Асқар Өтегенов пен «Би-Логистикс» АҚ филиалының директоры Болатжан Бимұрзаев алдын ала ымыраласып, С.Резниченконың тұтқындалған мүлікті өткізу кезінде ұтысқа жетуін қамтамасыз ету үшін одан 2 мың АҚШ долларын алған.