ОРАЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына
«Флот» ЖШС қызметкерлерінен жалақы төлемеу және кәсіпорынның топырақ пен құм қиыршықтас қоспасын өз еркімен шығаруына байланысты өтініш келіп түсті.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш кәсіпорынның 45 қызметкеріне биылғы шілде айы үшін 1,5 млн. теңге жалақы төленбегендігі анықталды. Соған байланысты ЖШС басшылығының атына заңбұзушылықты жою туралы ұйғарым беріліп, соның нәтижесінде бережақ толық өтелді.
Сондай-ақ топырақ пен құм қиыршықтас қоспасын заңсыз шығару фактісі бойынша «Флот» ЖШС-не залалды өндіру туралы талап қойылып, ҚР ӘҚБтК-нің 122-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).