Прокуратураның тексеруі жұмыс берушіні қызметкерлеріне қарыздарын қайтаруға мәжбүрледі

ҚОСТАНАЙ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайдың прокуратурасы «Сэнкос» жеке фирмасы басшылығының еңбекақы бойынша қарыздары туралы фактіні анықтады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қарыздың жалпы сомасы жарты миллион теңгеге дейін жеткен. Қостанайдың прокуратурасы заң бұзушылықты қалпына келтіру туралы шешім шығарып, ол толығымен орындалды. Нәтижесінде 23 азаматтың конституциялық құқығы қорғалды.