БҚО прокурорының орынбасары Халидолла Дәуешевтің хабарлағанындай, биылғы 30 маусымда институт мемлекеттік сатып алу веб-порталына аталған конкурсты өткізу туралы хабарландыру жариялаған. Алайда «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы 17-бабы 12-тармағы 7-тармақшасының талаптары бұзылып, шартты баға әдістемесі жасалмаған. Оған қоса баға ұсынымындағы шартты жеңілдік көлемі де дұрыс көрсетілмеген. Институт конкурстық комиссиясының заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты прокуратура енгізген наразылық нәтижесінде аталған конкурс қорытындысы бұзылып, қайтадан конкурс жарияланды.
04:07, 27 Тамыз 2015
Прокурорлық ықпал ету шараларымен 98,3 млн. астам теңгенің мемлекеттік сатып алу қорытындысы бұзылды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Прокуратура «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттыру институты БҚО филиалы ғимаратын күрделі жөндеу бойынша 98 340 360 теңгеге электронды конкурс өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу заңдылығының бұзылғанын анықтады.