«Байқоңыр» ғарыш айлағының №81 алаңынан жасалған ұшырылымы апатпен аяқталды.
ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінде растағандай, «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылымнан кейін 10 секундтан соң жерге құлап, жарылды.
Штаттан тыс жағдайдың себептері анықталу үстінде.
Аталмыш жағдай туралы Роскосмостың сайтында әзірге ресми ақпарат жоқ.
Аталмыш ұшырылымның мақсаты орбитадағы «ГЛОНАСС» ресейлік тобын толықтыру болды.