Путин 2020 жылы маскүнемдікті жеңу жоспарын бекітті

АСТАНА. Қаңтардың 18-і. ҚазАқпарат - Өткен аптада РФ премьер-министрі Владимир Путин Ресейдегі алкоголизммен күрес тұжырымдамасын бекітті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Осы құжатқа сай 2020 жылы елдегі спиртті ішімдіктерді тұтыну 55 пайызға - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдаған нормаға дейін азаяды.

Төмендеу алғашқы екі жылда 15 пайызды құрауы тиіс. Бұл үшін спирттік ішімдіктерге деген ең аз баға шектеледі. Атап айтқанда, 2010 жылғы қаңтардың 1-інен бастап жарты литрлік бір шөлмек арақтың құны 89 рубльден аз болмауы тиіс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Ресейде алкогольді іс жүзінде тұтыну қазір екі есе жоғары және таза спиртке айналдырғанда жылына жан басына шаққанда 18 литрді құрайды. Сұраныстың жартысынан астамы күшті ішімдіктер болып отыр.