Өтпелі кезеңнің президенті декретке сәйкес саяси партияда болмауы және одан әрі президенттік лауазымға дауысқа түспеуі тиіс.
Уақытша президент туралы тармақ ел конституциясының жобасына енгізілді, ол бүкілхалықтық референдумға шығарылады.
Уақытша президент туралы декретке сәйкес Р.Отынбаеваның негізгі міндеті президенттік міндеттерден басқа, жаңа президент және парламент сайлауларын ашық және әділ өткізуді қамтамасыз ету болмақ.
Саяси реформалар тұсында елдегі жағдай өте тынышсыз болып отыр. Бүгін Жалалабадта жаңа тәртіпсіздіктер болды, Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша 2 адам қаза болды, тағы 62 адам зардап шекті. Өзбек қауымының көшбасшысы Қадыржан Батыровтың ақшасына салынған Халықтар достығы университетінің ғимараты жанында шерушілер мен күзетшілер арасында қақтығыс болды. Митингіге қатысушылардың бір бөлігі Жалалабад облысы губернаторының міндетін атқарушы Бектұр Асановтың отставкаға кетуін талап етті.
Соның нәтижесінде елдің уақытша үкіметі тұрақсыз аймақтар аумағында коменданттық сағат енгізуге мәжбүр болды. Коменданттық сағат Жалалабадта және Созақ ауданында жергілікті уақытпен кешкі сағат 20:00-дан 6:00-ге дейін 2010 жылғы маусымның 1-іне дейін күшінде болады.
Роза Отынбаева 1950 жылы Ош қаласында туған. ММУ философия факультетін және оның жанындағы аспирантураны бтірді. Философия ғылымдарының кандидаты.
1975-81 жылдары Қырғыз мемлекеттік университетінде сабақ берді. Диалектикалық материализм кафедрасының меңгерушісі болды.
1991 жылдан партиялық жұмыста. Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласы КПСС қалалық комитетінің екінші хатшысы болды. 1986-1989 жылдары - Қырғыз КСР Министрлер кеңесі төрағасынң орынбасары, республиканың сыртқы істер министрі.
1989-1991 жылдары Р.Отынбаева Мәскеуге КСРО СІМ ЮНЕСКО жөніндегі комиссиясының төрайымы қызметіне шақырылады.
Қырғызстан КСРО құрамынан шыққаннан кейін Р.Отынбаева республикалық биліктің басшы қызметтерінде жұмыс жасады. Вице-премьер болды, бірнеше рет елдің СІМ-ін басқарды.
1992-1994 жылдары Қырғызстанның АҚШ пен Канададағы елшісі.
1997 жылы үкіметтен кетіп, Ұлыбритания мен Ирландиядағы елші болып тағайындалды.
2002 жылы БҰҰ Бас хатшысның грузин-абхаз жанжалын реттеу жөніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды.
2002 жылы қырғыз саясатына қайта оралып, «Ата-Жұрт» оппозициялық қозғалысын құрды.
2007 жылғы желтоқсаннан Қырғыз парламентінің депутаты, 2009 жылғы қазаннан - Қырғызстан Социал-демократиялық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі.
Қырғыз президенті қырғыз, орыс, ағылшын және француз тілдерін меңгерген. Р.Отынбаеваның екі баласы - ұлы Қарашаш және қызы Атая бар. Күйеуінен ажырасқан.