Р.Отынбаева қарулы шабуыл жасаушыларға оқ атуға рұқсат берді - Қырғызстан

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Қырғызстанның уақытша үкіметі Бішкек түбіндегі қанды оқиғалардан кейін құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар қабылдады,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

«Қырғызстанда қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз жеткілікті күш пен құралға иеміз», - делінген Қырғызстанның уақытша үкіметінің басшысы Роза Отынбаеваның мәлімдемесінде.

«Азаматтарға, олардың үйлері мен жеке меншіктеріне қарулы шабуылдар жасалған жағдайда, олардың өмірі мен денсаулықтарына қастандық жасалған жағдайда, сондай-ақ азаматтық және әскери нысандарға шабуыл жасалған жағдайда, құқық қорғау органдары Заңға сәйкес, оқ ататын болады», - деп атап көрсетті Р.Отынбаева.

Ол сондай-ақ өз мәлімдемесінде, Қырғызстанның барлық азаматтарын «сабырлық сақтауға, кез-келген арандатушылықтың жолын кесуге, қоғамдық тыныштық пен ұлысаралық келісімді бұзуға талпынып отырған күштерге қарсылық көрсетуге» шақырды.

Сәуірдің 19-ында Бішкек түбіндегі Маевка селосында орын алған тәртіпсіздіктердің салдарынан бес адам қаза болып, 28 адамның жараланғанын әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары бұған дейін хабарлаған болатын.