Рафаэльдің суреті 48 миллион долларға сатылды

АСТАНА. Желтоқсанның 10-ы. ҚазАқпарат - Лондонда өтіп жатқан ежелгі шеберлер картиналары сауда-саттығының алғашқы күні 111,46 миллион доллар пайда әкелді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Сауда-саттықтың топ-лоты Рафаэльдің «Шабыт шақыратын жанның басы» деп аталатын суреті болды - Станц делла Сеньятураның «Парнас» фрескасына жасалған кескіндеме 1510-1511 жылдары жасалған. Итальяндық Қайта өрлеу дәуіріндегі шебердің жұмысы 47,9 миллион долларға сатылды, бастапқы бағасы - 19,7-26,3 миллион доллар. Осылайша, Рафаэль ежелгі шеберлердің суреттеріне деген баға рекордын жаңартты - бұған дейінгі жоғары баға 15 миллионға жуық долларды құраған болатын.