Раушан Сағымова «Мемлекеттік тіл - менің тілім» байқауының жеңімпазы атанды - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Раушан Сағымова «Ақсу» кедендік бекеті қызметкерлерінің арасында қазақ тілінің үздік білгірі атанды,

деп хабарлады Павлодар облысы бойынша кедендік бекетінің баспасөз қызметінен.

Ол осында өткен «Мемлекеттік тіл - менің тілім» байқауының жеңімпазы атанды. Шараға қатысушылар мәтіндерді қазақшадан орысшаға аударып, терминологиялық сөздердің сәйкестендірілуінде, орыс тілінен қазақ тіліне аударудағы сауаттылықта жарысты. Соңғы тур - «Іс қағаздарын жүргізу» бойынша қатысушылар мемлекеттік тілде іс жүргізу бойынша біліктіліктерін таныта білді.

Барлық қатысушылар екі тілді еркін кәсіби меңгергендерін көрсетті. Байқау жүлдегерлерінің арасында Әлима Отарбаева, Мұрат Апаев және Серік Баяндин бар.