«Бизнес-Стиль», өз кезегінде, BC Place стадионында қай ел құрамасының костюмі ең сәнді екенін анықтау үшін командалардың спорттық нысанды киімдерін назарға алып, ашылу салтанатына мән беріп қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Киімдерге мемлекеттік нышан рөлі берілгендіктен сән үлгілері саясатқа айналып отыр. Ойындарға қатысатын дәстүрлі елдер өздерінің құрамалары үшін нысанды киімдерді мәдениет ерекшеліктерін ескере отырып таңдайды және міндетті түрде ұлттық тудың түсін пайдаланады. Командалар белгілі маркаларға олимпиадалық киімдерді тіктіруге сенім білдіреді.
Фото суретте - Қазақстан Олимпиада құрамасының Туын ұстаушы Диас Кенешевтің бейнесі ерекше асқақтап көрінеді.