Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында еліміздің солтүстік өңірінде болып қайтқандағы әсерлерімен бөліскен депутаттың сөзіне қарағанда, бүгін бізге сайлаудан көрі референдум әлдеқайда тиімді. «Оның үстіне қазіргі Мемлекет басшысын алмастыратын тұлға да жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық әлеуметтік мерзімнің жылдамдығын арттырды. Ол қазақстандық қоғамның жаңа жобасын әзірлеп, жүзеге асырды. Референдум -елге әлеуметтік жауапкершілік ауыртпалығын салмастан еліміздің алғашқы Президенті бастаған
жаңа Қазақстанның құрылысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Мен референдумды қолдаймын және өзгелерді де қолдауға шақырамын»,-деді сенатор.