Бүгін ҚР Парламенті қабылдаған «ҚР Конституциясына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңының Конституцияға сәйкестігін тексеруге қатысты қортынды шешім шығарып, арнайы қаулы қабылдаған Конституциялық Кеңестің отырысында, КК Төрағасы Игорь Рогов осылай мәлім етті.
«Заңның конституциялығын тексеру барысында мына мәселелерге назар аударылды. Біріншіден, Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, оның бірлігін, Конституциясының қорғалуын, азаматтардың бостандығы мен құқығын қамтамасыз етуші Н. Назарбаевтың тарихи рөлі мен миссиясы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының ерекше мәртебесін конституциялық құқықтық бекітуге себепші болды. Осыған орай, Парламенттің 2007 жылғы 25 мамырда қабылдаған «Конституцияға енгізілген өзгерістері мен толықтырулары» туралы конституциялық заңында «ҚР Тұңғыш Президенті» деген ұғым енгізілді. Заңға сәйкес, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өкілеттігі Конституциямен және Конституциялық заңмен анықталады. Соған сәйкес, ел Конституциясымен анықталғандай, заңда ұсынылған «Елбасы» ұғымы Тұңғыш Президенттің конституциялық заңына және Негізгі заңның ережелеріне сәйкес деп танылады», - деді Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Рогов.
Екіншіден, ҚР Конституциясына сәйкес, 1-бап, 2-тармағы бойынша республикалық референдум мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін шешудегі ең демократиялық тәсіл деп белгіленген. Сонымен бірге, Конституцияның 2-бабының 3-тармағы бойынша референдум сайлаумен бірге халықтың өзінің билігін тікелей білдіруі деп танылады. Конституцияның 3-бабының 1-тармағындағы ережесіне сәйкес, мемлекеттік биліктің жалғыз көзі халық. «Сонымен қатар, Конституциялық Кеңес республикалық референдумда дауыс беру арқылы мемлекеттің өмірі үшін аса маңызды болып табылатын кез-келген мәселені шешуге болады деп санайды. Оның ішінде ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының президенттік өкілеттігін ұзартуды да референдум арқылы шешуге болады. Қарастырып отырған заңға сәйкес, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының өкілеттік мерзімі республикалық референдум арқылы ұзарту мүмкіндігін қарастырады. Осы заңның аталған нормасын қарастыра келе, Конституциялық Кеңес заңның 1-тармағын анық емес деп айқындады. Бұндай ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының өкілеттігі қанша мерзімге ұзартылатыны анықталмаған. Бұндай шешімнің бір реткі немесе тағы да қайталатын сипатта болу мүмкіндігі байқалмайды. Конституциялық норманың анық жазылмауы Конституцияда көзделген мемлекеттік және қоғамдық институттардың теңсіздігіне әкеп соғуы мүмкін», - деді И. Рогов.
Төрағаның айтуынша, ел Президентінің Парламент қабылдаған заңның конституциялығына күмән келтіргені әбден негізді болып шықты. «Сонымен қатар, Конституцияға сәйкес, ҚР Президенті Конституциялық Кеңестің осы шешіміне бір ай ішінде қарсылық білдіруге құқылы екендігін ұмытпауымыз керек. Осылайша, референдумның тағдырына қатысты соңғы сөзді Мемлекет басшысы ғана айта алады», - деді И. Рогов.