«25 сәуірде РФ азаматы Е. басқарып келе жатқан автоцистернасымен автокөлікті ұстау фактісі бойынша іс қозғалды, ол шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз, РФ аумағына 30 157 литр мөлшерінде дизель отынын алып өтпек болған», - деп көрсетілген хабарламада.
Қылмыстық іс ҚР ҚК 183-1-бабы 1-бөлігі (Мұнай және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау) бойынша қозғалды. Іс тергелу үстінде.