Ресей мен Жапонияның шекарасында зілзала болды

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Ресей мен Жапонияның шекарасында Рихтер шкаласы бойынша қуаты 5,5 баллдық зілзала болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің хабарлауынша, зілзаланың кіндігі Ресейдің Солтүстік Куриль қаласынан 119 шақырым қашықтықта орналасқан. Зілзала ошағы 76 шақырымдық тереңдікте орын алған. Құрбан болғандар мен қиратулар туралы хабар түскен жоқ.