Ресей Оңтүстік Африка Республикасында өтетін футболдан әлем чемпионатына бара алмайтын болды

АСТАНА.  Қарашаның  19-ы.  ҚазАқпарат - Ресей    құрамасы    сәрсенбі,    қарашаның  18-де   өткен   екінші    кездесуде Словения   командасынан 0:1 есебімен жеңіліп  қалды.

  Ойын   Словенияның Марибор   қаласындағы «Людски  врт»  стадионында  өтті.    Қол жеткізген жеңістерінің арқасында  алаң  иелері Оңтүстік Африка Республикасында  өтетін футболдан  әлем чемпионатына жолдама  алды,  деп хабарлайды   «РИА  «Новости» агенттігі.

Кездесудің жалғыз       голын     44-ші минутта    Словения  құрамасының  шабуылшысы Златко  Дедич   салды.  

 Айта кету керек, 2002   жылы     Словения құрамасы  ресейліктерді әлем чемпионатының ақтық        бөліміне    жібермеген  болатын.  Ол   жолы   ресейліктер  сырт алаңда    словениялықтардан   1:2 есебімен   жеңілген еді.