Атаулар мен нөмірлер беретін интернет-корпорациясы (ICANN) 2009 жылы қазанның 30-да жоғары деңгейдегі интернет-домендердің атауларында ұлттық әліпбилерді қолдануға рұқсат берген болатын. Ұлттық тілдерде интернет-домендерді тіркеу туралы мемлекеттік өтініштер бүгіннен, қарашаның 16-нан бастап қабылданады, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Аталмыш ұйым басшылығының пікірінше, бұл шешім интернет құрылғалы бері оның желісінде орын алып отырған ең үлкен техникалық өзгеріс болып табылады және аталмыш бастама әлемнің барлық елдерінің тұрғындарының желіге теңдей қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Бұған дейін интернет-домендердің атауларында тек латын әріптерін қолдануға болатын.