деп хабарлайды РБК агенттігі.
Машинаны кәдеге асыруға тапсырған кезде оның иесі РФ-да құрастырылған жаңа автомобильді сатып алу үшін 50 мың рубль өтемақы алады. Бағдарламаға РФ 74 аймағындағы 1 мың 569 сауда ұйымдары мен 49 аймақта 153 кәдеге асырушылар қатысады.Бағдарламаға қатысуға тілек білдірушілердің өтінімдерін жинау жалғасуда, сондықтан да да бұл тізім кеңейе бермек. 50 мың рубль субсидияны пайдаланып, сатылып алуға автомобильдердің 66 моделі енді. Олардың бәрі де РФ-да шығарылады. Атап айтқанда, АвтоВаз өндірісінің барлық 17 моделі, «УАЗ» ААҚ тоғыз моделі (оның ішінде жолсызбен жүретін Hunter, Patriot, Pickup), «ИжАвто» ААҚ үш моделі (KIA Spectra, KIA Sorento), «ГАЗ» ААҚ өндірісінің жеті моделі (Volga Siber), ТагАЗ ААҚ алты моделі (Hyundai Sonata, Hyundai Accent, Hyundai Santa Fe), және басқалары бар.
Бағдарлама өлшемдері бойынша пайдаға асыруға тапсырылатын машинаның салмағы 3,5 тоннадан аспауы, толық комплектілі және соңғы иесінде 1 жылдан артық болмаған болуы тиіс. Жаңа автомашинаны сатып алып берумен дилер айналысады. Бағдарламаға 11 млрд. рубль бөлініп отыр, оның 10 млрд. рублі тікелей субсидияға машина сатып алуға, 1 млрд. рублі сатушы ұйымдардың техникалық шығындарына жұмсалады, бұл РФ азаматтарының 200 мың жаңа машина сатып алуына мүмкіндік бермек.