Алдын ала мәліметтер бойынша, санақ 2010 жылы қазанның 14-і мен 25-і аралығында өтеді. Бұл туралы Санкт-Петерборда Мемлекеттік статистика федералдық қызметі басшысының орынбасары Александр Суринов мәлім етті.
«Росстат» агенттігі халық санағын 2010 жылы қазанның 14-25-і аралығында өткізуді ұсынды, бірақ бұл туралы үкіметтің қаулысы әлі қабылданған жоқ. Егер біз ұсынылған дата бекітілетін болса, санақ жоспарланған мерзімде өтеді. Ал оның алғашқы нәтижелерін біз жылдың соңына қарай жариялайтын боламыз», деп түсіндірді А.Суринов.
БҰҰ Статистикалық комиссияның талабына сәйкес әлемнің барлық дерлік елдері халық санағын 2010 жылы өткізеді. Дегенмен, бұл кестеден озып, не қалып отырған елдер баршылық. Атап айтқанда, Әзірбайжанда халық санағы - 2008 жылы, Қазақстан мен Беларуста - ағымдағы 2009 жылы өтсе, Моңғолияда санақ 2010 жылдың қаңтар айында болады.