Ресейдегі осы сайлаулардан кейін төңкеріс белгісі байқалды, дегенмен оның алғашқы толқыны өз күшін жоғалтты - Н.Назарбаев

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Ресейдегі осы сайлаулардан кейін төңкеріс белгісі байқалды, дегенмен оның алғашқы толқыны өз күшін жоғалтты. Бүгін ресейлік «Ресей-24» телеарнасына берген сұхбатында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді.

Теларна тілшісінің посткеңестік елдерде төңкеріс орын алуы мүмкін бе деген сауалына жауап берген Мемлекет басшысы: «Менің ойымша, Ресейде өткен осы сайлаулардан кейін қандай да бір талпыныстар байқалды. Дегенмен бұл түрлі-түсті төңкерістер, оның алғашқы толқыны өз күшін жоғалтып алды. Өйткені халық түсіне бастады. Ал Қырғызстанда біріншісінен кейін екіншісі, үшіншісі жасанды төңкеріске ұласты. Ал адамдардың өмірі одан жақсарып отырған жоқ», - деді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Украинаға қатысты да өз пайымын жеткізді. «Украина алып ел, шамамен 50 млн. халқы бар. Қазақстаннан  үш есе үлкен, экономикасы айтарлықтай қуатты. Бүгінде Қазақстан мен Украина экономикасының көлемі теңесті. Бұл таңғаларлық. Мұндайды ешқашан да ойлау мүмкін емес еді. Соңғы 5-7 жылда Еуропамен көршілес, теңізге шығар жолы бола отырып, елде    экономиканы осыншама тоқырату орын алды, даму жоғалды», - деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар Елбасы Грузия барлығына есігін тарс жабуы салдарынан халқының жағдайы жақсарып не болмаса нашарлап кетті деп ойлмайтындығын атап өтті.

«Өмір бойы несиемен өмір сүре алмайсың. Өз экономикаңды өзіңе жеткілікті жасау керек, өз экономикаңды көтеру керек. Ал ол үшін көршілермен сауда-саттық жүргізу қажет», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының пайымынша, сауда-саттықты ең дұрысы көршілес мемлекеттермен жасау керек. Өйткені оған қажетті кеңістік бар, тасымал шығындары аз, экономикалары бір-біріне етене жақын.