деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, ең бастысы, кішкентай бүлдіршін отырған әрбір қоларба ерекше көркемдік композицияға айналуы керек. Ата-аналар өз қолдарымен бала қоларбасын мысалы, бәтеңкеге, мерекелік тортқа, жидекке, асқабаққа, тіпті танкке айналдыра алады. «Безендіру жұмыстары үшін кез-келген материалды пайдалануға болады. Тіпті, сәбидің өзіне костюм тігуге де болады. Ата-аналардың креативтері ақшалай сыйлықтармен аталып өтеді», - дейді ұйымдастырушылар.
Қоларбалар шеруі жол инспекторларының қадағалауымен Барнауылдың орталық даңғылында өтеді.