Ақтөбе шекара гарнизонының «Әлімбет авто» өткізу бекетінің жасағы жүкті ілеспе құжаттарынсыз тасымалдаған Қазақстанның 36 жастағы тұрғынын ұстады.
Қолға түскен азамат «ДАФ» көлігімен Қазақстаннан Ресейге жалпы салмағы 19 670 келі металл мұнай құбырларын өткізбек болған.
Ұсталу фактісі бойынша Қарғалы ауданының құқық қорғау органдары ақпараттандырылды.