ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қараша күні түске таман «Иж 2126-20» автомашинасымен «Ұзынкөл (ҚР) - Щучанский (РФ)» бағытында кетіп бара жатқан, 1946 жылы туылған Максименко С. деген азамат ұсталды.
Оның машинасын қарау кезінде қара полиэтиленді пакетке салынған, салмағы 100 келі болатын еліктің еті табылды. Ресей азаматы оған қатысты ешқандай құжатты көрсете алмады. Аталған дерек бойынша материалдар Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөліміне берілді.